Азия мен Еуропа арасындағы шекарада

26.08.2021

Қазақстанның мұнай астанасы, Атырау қаласындағы Абай атындағы оқушылар орталығында үстел теннисінің стационарлық залы ашылды. Жаттықтырушылар бөлмесі, ерлер мен әйелдердің шешінетін бөлмелері, тосқауылдар, теннис үстелдері балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушыларын күтуде. Облыстық үстел теннисі Федерациясы өз тарапынан алдағы күндері арнайы еден жабынын сатып алуды, жарық қосуды, залды безендіру жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.



Талап Қойбағаров