Қазақстандықтар қонақжай Тунистен кетіп барады

22.06.2023

Кирилл Герасименко, Дастан және Айдос Кенжеғұловтар, Санжар Жұбанов бір-бірден матчтарын өткізіп, қарсыластарынан жеңіліп, қонақжай Тунистен кетіп барады, ондағы үстел теннисінен "WTT Contender" өкілдік турнирі қазақстандықтарсыз жалғасады.

Кирилл Герасименко - Патрик Франциска (Германия) 1:3;

Дастан Кенжеғұлов - Седрик Чанц (Швейцария) 0:3;

Санжар Жұбанов - Флоран Ламбье (Бельгия) 1:3;

Айдос Кенжеғұлов - Чо Дэсон (Корея) 0:3.


Талап Қойбағаров