Қазақстандықтар кіші топтарда озып шықты, бірақ медальдарға жете алмады

19.04.2023

Франция мен Бельгияда WTT Youth Contender сериясындағы үстел теннисі турнирлері өтуде. Барлық қатысушылар кіші топтарда матчтар өткізді, олардың арасында екі мықты спортшыдан озып шығып, жарыстың финалдық бөлімінде өнер көрсетуді жалғастырды. Қазақстандықтар келесі нәтижелерді көрсетті:

WTT Youth Contender Metz 2023 (Мец қ., Франция)

Сарвиноз Мирқадірова (Шымкент, 19 жас санаты) - 1/32 финалға дейін жетті;

Алиса Цвигун (Астана, 17 жас санаты) - 1/32;

Ақниет Амангелді (Шымкент, 17 жас санаты) - 1/32.

WTT Youth Contender Spa 2023 (Спа қ., Бельгия)

Алан Құрманғалиев (Қарағанды, 19 жас санаты) - 1/8 финалға дейін жетті;

Абдұлла Мамай (Алматы, 19 жас санаты) - 1/32;

Абдұлла Мамай (Алматы, 17 жас санаты) - 1/16;

Тимофей Герасименко (Астана, 19 жас санаты) - 1/32.

Талап Қойбағаров