Қазақстандықтар «Badener AC-ны» күшейтуі керек

19.08.2021

1924 жылы негізі қаланған Еуропадағы ең көне үстел теннисі клубының бірі "Badener AC" (Баден қ.) 5 қыркүйекте Австрия чемпионатында сайысын бастайды, ол өз алаңында "UTTC" (Штоккерау қ.) клубын қабылдайды. 2021/2022 жылғы маусымда "Badener AC" сапына 8 теннисші үміткер болды, олардың арасында қазақстандықтар Айдос Кенжеғұлов (суретте), Бақдәулет Әкімәли, Ескендір Харки бар.

Талап Қойбағаров