Қазақстандық теннисшілерге сәттілік тілейміз!

15.07.2023

Үстел теннисінен жастар арасындағы 27-ші Азия чемпионаты 17-22 шілде аралығында Дохада (Катар) өтеді және Қазақстаннан мына спортшылар қатысады:

19 жастағы ұлдар - Алан Құрманғалиев, Абдулла Мамай, Тимофей Герасименко, Қадырәлі Қабдылуахитов.

15 жастағы кадеттер - Қасым Нұрислам, Рамазан Назир.

19 жастағы қыздар - Сәрвиноз Мірқадірова.

Жаттықтырушылар Эльмира Әлиева, Самат Бейсенов, Ердәулет Оразбаев, Ержан Есімханов.

Біздің ұлдар мен кадеттер командалық, жеке, жұптық, аралас (микст) разрядтарда өнер көрсетеді. Сәрвиноз Мірқадірова Алан Құрманғалиевпен бірге жеке есепте, миксте ойнайды.

Қазақстандық теннисшілерге сәттілік тілейміз!

Талап Қойбағаров