Қазақстандық - Ресей чемпионы

03.06.2018

Ульяновск Мемлекеттік Техникалық Университетінде үстел теннисі бойынша Ресей студенттерінің спорттық одағы чемпионатының қорытынды туры болды, онда Мәскеу, Самара, Владивосток, Магнитогорск, Новосибирск, Пенза, Ижевск, Казань, Қырым Республикасы, Челябинск, Саратов, Тюмень, Санкт-Петербург, Ульяновск және басқа қалалардың оқу орындарының құрамалары жарысты. Г. И. Носов (ММТУ) атындағы Магнитогорск Мемлекеттік Техникалық Университетінің командалық есепте алтын және күміс ұтып алған студенттері тамаша нәтижеге қолдарын жеткізді. ММТУ ерлер құрамасы қарағандылық Эрик Райтер (суретте оң жақтан бірінші), Кирилл Швец және Илья Исаков ширек финалда Тюмень индустриалдық университетінің командасын жеңді 3:0, ал жартылай финалда Ресей Көлік университетінің қарсыластарымен жарысты 3:1. ММТУ теннисшілері алтын медаль үшін матчта Поволжья дене шынықтыру Мемлекеттік Академиясының құрамасын (Казань) жеңді 3:1 және Ресей чемпиондары болды! Біздің жерлесіміз, ММТУ құрылыс факультетінің студенті Эрик Райтерді чемпион атағымен құттықтаймыз!

ММТУ әйелдер құрамасының құрамында Валерия Щетинкина, Виктория Кандыбина, Екатерина Чернявская және Елизавета Дедковалар күміс медальді жеңіп алды.

Талап Қойбағаров