Қазақстанда үстел теннисінен "WTT Contender Almaty" беделді халықаралық турнирі өтеді

22.08.2023

Ойындар 29 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Алматы қаласының "ADD Ustel Tennis Ortalygy" орталығында өтеді. Жүлделер үшін күреске әлемнің 33 елінен 150-ден астам спортшы қатысады. Айта кетейік, Қазақстан жыл сайын жүлде қоры 75 мың USD құрайтын contender сериясының әлемдік деңгейдегі рейтингтік турнирін өткізеді.

Турнирге әлемдік үстел теннисінің атақты жұлдыздары қатысады, олардың арасында Олимпиада ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері және Әлем кубогының жеңімпазы Дмитрий Овчаров (Германия), әлем чемпионатының күміс жүлдегері Трулс Морегард (Швеция), Еуропалық ойындардың қола жүлдегері Алексис Лебрун (Франция), WTТ Contender турнирлер сериясының бірнеше дүркін чемпионы Рувен Филус (Германия), Еуропаның ТОП - 16 жеңімпазы Дарко Йордич (Словения), Африканың бірнеше дүркін чемпионы Квадри Аруна (Нигерия), Еуропаның екі дүркін чемпионы Маркус Фрейтас (Португалия), әлем чемпионатының қола жүлдегері Лиам Питчфорд (Англия), Еуропа ойындарының чемпионы Тьяго Аполлонья (Португалия), ерлер жұптық разрядындағы әлем чемпионы Чуан Чи-Юань (Тайбэй) және Еуропа чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпаздары Бернадетт Сёч пен Элизабет Самара (Румыния) бар.