Қазақстан құрамасы жауынгерлік әзірлікте

01.06.2022

2 маусымда Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында Орталық Азияның іріктеу турнирі басталады, онда Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстан құрамалары жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына екі жолдама үшін таласады. Бүгін біздің теннисшілер Алан Құрманғалиев, Ескендір Харки, Санжар Жұбанов, Сағантай Құрмамбаев, Сарвиноз Мирқадірова, Ангелина Романовская, Анель Бақыт, Алиса Цвигун кезекті жаттығу өткізіп, жауапты жарыстарға жауынгерлік әзірлікте келді. Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Евгений Тимченко былай дейді: "Бірінші, екінші орындарға ие болу керек және біз ең үздік ойынды көрсетуге тырысамыз. Қарсыластардың ешқайсысын бағаламауға болмайды, бірақ біздің назарымыз құрамында атақты, мықты теннисшілер өнер көрсететін ирандықтар мен өзбектерге аударылады. Иран, Өзбекстан, Қазақстан құрамалары екі жолдаманы сарапқа салулары әбден мүмкін. Барлығы теннис үстелінде шешіледі".


Талап Қойбағаров