Қазақстан Кубогына бір қадам ғана қалды

14.10.2023

Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында Қазақстан Кубогы өтуде. Бүгін 15 қазанда бір-бірімен көптен күткен жүлдені ұтысқа салатын құрама командалар анықталды: ерлер арасында бұл Алматы мен Шымкент, әйелдер арасында - Алматы, Қарағанды облысы.

Үшінші орын үшін сайысқа түсетіндер Астана (әйелдер), Түркістан (әйелдер), Қарағанды (ерлер) және Шығыс Қазақстан облыстары (ерлер + әйелдер).


Қазақстан Республикасының үстел теннисі Федерациясы "Қазақмыс корпорациясы" компаниясына демеушілік көрсеткені үшін алғыс білдіреді.


Талап Қойбағаров