Қазақстан Кубогы

13.10.2021

15, 16, 17 қазанда Алматыда үстел теннисінен Қазақстан Кубогы өтеді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыс орталықтарының ерлер және әйелдер құрамалары қатысады. Кубок соңғы рет 2019 жылы Түркістанда коронавирустық пандемияға дейін ойнатылған болатын, сол кезде келесі командалар ерекшеленді:

Ерлер. 1 орын Шығыс Қазақстан облысы, 2 - Қарағанды облысы, 3 - Шымкент.

Әйелдер. 1 орын Шымкент, 2 - Қарағанды облысы, 3 - Алматы. Жексенбі күні Қазақстан Кубогы-2021 жеңімпаздары белгілі болады.

COVID-19 таралуына байланысты қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты жарыстар көрермендерсіз өтеді.

Талап Қойбағаров