Айдос Кенжеғұлов Австрия Кубогының жартылай финалында

29.11.2022

Үстел теннисінен Австрия Кубогының ширек финалында "Badener AS" (Баден) ел чемпионатының қазіргі көшбасшысы "SPG Felbermayr" (Вельс) командасымен кездесті. Айдос Кенжеғұлов, Эрик Глод, Арья Амири, Патрик Юхас қарсыластарын 3-2 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Айдос пен оның командаластарын құттықтаймыз.

Патрик Юхас (Баден) - Мацей Колодзейчик (Вельс) 3:1

Арья Амири (Баден) - Иржи Мартинко (Вельс) 0:3

Айдос Кенжеғұлов (Баден) - Томас Циллер (Вельс) 3:0

Патрик Юхас (Баден) - Иржи Мартинко 0:3

Арья Амири (Баден) - Мацей Колодзейчик 3:2.

Жартылай финал мен финал 2023 жылдың 7 және 8 қаңтарында ойналады.


Суретте солдан оңға қарай Айдос Кенжеғұлов, Эрик Глод, Арья Амири, жаттықтырушы Андреас Майкснер, Патрик Юхас.


Талап Қойбағаров