Австриядағы сәтті дебют

15.11.2017

Австрияда үстел теннисінен елдің клубтық чемпионаты бастама алды. Бундеслигада – Австрияның теннистік лига жүйесінің жоғары дивизионында 10 команда ойын көрсетеді, ол жарысқа қатысушылардың арасында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі спорт шебері Өскемендік Денис Жолудев өз өнерін көрсетуде. Біздің жерлесіміз «Badener AC» (Баден қ.) клубының құрамында ойын көрсетуде, ол бірінші турда «SC Linz» ( Линц қ.) клубымен кездесті. Баден қаласының теннисистері 2:4 есебімен жеңіліс тапты, алайда Денис өз ойынын 3:1 есебімен жеңді. Бірінші турдан кейін, бірден Бундеслигада Баден қаласының чемпионаты өткізілді, онда Денис Жолудев финалда өзінің жаңа командадағы серіктесі Narayan Kapolnek 3:2 есебімен жеңіп чемпион атанды. Жарайсың Денис! Австриядағы сәтті дебют.

Суретте «Badener AC»: солдан оңға қарай Narayan Kapolnek, Andy (жаттықтырушы), Денис Жолудев және Andreas Levenko.