Австрия Кубогының қоласы

16.01.2023

Қазақстандық Айдос Кенжеғұлов өнер көрсететін "Badener AS" (Баден) үстел теннисі клубы Австрия Кубогының қола медалін жеңіп алды. Ширек финалда ел чемпионатының көшбасшысы "SPG Felbermayr" (Вельс) клубын ұтып, ал "төрттіктер финалында" "UTTC Sparkasse" (Зальцбург) командасынан жеңіліп қалды.

Соңғы рет қола жүлдені "Badener AS" клубы 2015/2016 жылғы ел чемпионатында жеңіп алған болатын.

Талап Қойбағаров