Ақтық кезеңге мықтылар жақындауда

16.09.2022

Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында "WTT Сontender Almaty" халықаралық турнирінің финалдық кезеңі басталды. Бейсенбі күні алаңға қазақстандықтар Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Денис Жолудев, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Мирқадірова, Анастасия Лаврова, Сағантай Құрмамбаев, Айдос Кенжеғұлов, Ескендір Харки шықты, ал жұмада біздің командамыздың арасында екі ерлер жұбы ғана қалды, олар Кирилл/Алан, Денис/Сағантай.

Жеке есепте 2022 жылғы жұптық сындағы әлем чемпионы Маттиас Фальк (Швеция) Кирилл Герасименкодан 3:1 есебімен басым түсті, командалық есептегі Еуропа және Еуропа ойындарының чемпионы Тьягу Аполония (Португалия) Алан Құрманғалиевтен 3:1 есебімен басым түсті, "WTT Contender Doha" күміс жүлдегері Рувен Филус (Германия) Денис Жолудевтен 3:0 есебімен сенімді өтті, ал командадағы 2016 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2012, 2016, 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Чэнь Сыюй (Тайбэй) Сарвиноз Мирқадіровамен кездесуде ешқандай қиындық көрген жоқ.

"WTT Сontender Almaty" турнирі қарқын алды.

Талап Қойбағаров