Ащы жеңіліс

27.02.2023

Неміс бундеслигасының 19-шы турында Бременнің «Werder» (Маттиас Фальк, Кирилл Герасименко, Кристиан Плетеа) клубы өз үйінде «ТТС» (Бергнойштадт) клубынан 1:3 есебімен жеңіліп, ең мықты дивизионнан кету аймағына жақындады - бұл 11, 12 орындар.

«Werder» клубының жаттықтырушысы Кристиан Тамастың пікірі: "Бүгін тағы бір ащы жеңіліс болды. «TTC» (Гренцау) - клубымен өткізген сәтсіз ойыннан кейін біз өз жанкүйерлеріміздің алдында жеңіске жеткіміз келді. Өкінішке орай, бұл біздің қолымыздан келмеді. Енді турнир кестесіндегі жағдайды жақсарту үшін соңғы үш ойынға күш жұмылдырамыз".

Маттиас Фальк - Омар Ассар 3:0;

Кристиан Плетеа - Бенедикт Дуда 1:3;

Кирилл Герасименко - Ромен Руис 1:3;

Маттиас Фальк - Бенедикт Дуда 1:3.

Турнир кестесі

1 орын «Borussia» (Дюссельдорф, 15 жеңіс, 3 жеңіліс)
2 орын «FC Saarbrücken-TT» (Саарбрюккен, 13:5)
3 орын «TTF Liebherr» (Оксенхаузен, 12:6)
4 орын «Post SV» (Мюльхаузен, 10:7)
5 орын «TSV» (Бад-Кёнигсхофен, 10:8)
6 орын «ТТС» (Ной-Ульм, 8:10)
7 орын «АСВ» (Грюнветтерсбах, 8:10)
8 орын «Werder» (Бремен, 8:11)
9 орын «TTC» (Гренцау, 7:11)
10 орын «ТТС» (Фульда-Маберцелль, 7:11)
11 орын «ТТС» (Бергнойштадт, 7:12)
12 орын FSV Mainz 05 (Майнц, 3:14).

Талап Қойбағаров