Қарсыласына жол берді

16.08.2021

"World Table Tennis Contender" турнирі Будапештте басталды, онда Англия, Беларусь, Нигерия, Германия, Италия, Үндістан, Швеция, Сербия, Словакия, Словения, Монако, Венгрия, Франция, Финляндия, Чехия, Хорватия, Ресей және Қазақстанның үстел теннисі шеберлері 75 мың АҚШ долларын ұтысқа салуда. Жарыстың негізгі торына шығу үшін біздің Айдос Кенжеғұлов (Орал) Германиядан келген өзінің құрдасы Фанбо Мэнмен кездесті. 3:0 (11:6, 11:7, 11:7) есебімен неміс ойыншысы жеңіске жетті және ол Венгрия астанасында өнер көрсетуді жалғастыратын болады.

Талап Қойбағаров