Қарсыластардың шеберліктері жоғары болды

16.09.2022

Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында "WTT Сontender Almaty"халықаралық турнирі жалғасуда. Біліктіліктің екінші раундында 9 қазақстандық ойнап, барлығы өз қарсыластарына жол берді. Олар шайқасты, ұрыссыз берілмеді, бірақ қарсыластарының шеберліктері жоғары болды:

- Азия жасөспірімдер чемпионатының қола жүлдегері Лян Годун (Қытай) - Ескендір Харки (Қазақстан) 3:0

- "2021 ITTF Kazakhstan International Open" турнирінің күміс жүлдегері, жастар арасында Үндістан чемпионы Снехит Сураваджула - Владислав Захаров (Қазақстан) 3:2

- Жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионы Рарес Сипос (Румыния) - Дастан Кенжеғұлов (Қазақстан) 3:0

- Кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионы Жюль Ролланд (Франция) - Бақдәулет Әкімәли (Қазақстан) 3:0

- Жапония жасөспірімдер чемпионатының жүлдегері Хирото Шинозука -Сағантай Құрмамбаев (Қазақстан) 3:0

- 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Қытай құрамасының мүшелері Фан Шухан, Зонг Геман, Ване Идуа және Сюй Йи 3:0 есебімен Жанерке Көшкімбаеваны, Ангелина Романовскаяны, Гүлчехра Құсейінованы, Александр Смирнованы жеңді.

15 қыркүйекте "WTT Сontender Almaty" турнирінің финалдық бөлімі басталады.

Қазақстанның үстел теннисі Федерациясы турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне, Ұлттық Олимпиада Комитетіне, Спортты дамыту дирекциясына және Алматы қаласының әкімдігіне алғыс білдіреді. Сондай-ақ бас демеуші - Самұрық-Қазына, "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры", "ADD Capital", "PTC Holding", "Qazaq Oil", "Қазақмыс корпорациясы", "Sulpak", "Halyk bank" демеушілеріне және турнирдің ақпараттық серіктесі - "QAZSPORT" телеарнасына алғыс білдіреді.

Талап Қойбағаров