Қарсыластар мықты болды

16.03.2022

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары бұл күндері Отаннан тыс жерде болып, екі беделді жарысқа қатысуда. Сингапурда "Гранд-Смэш" турнирінде Кирилл Герасименко ойнады, ол Шао Фэн Итанды (Сингапур) 3:1, Томислав Пукарды (Хорватия) 3:1 есептерімен жеңіп, бүгін әлемнің 5-ші ракеткасы Лян Цзинкуннан (Қытай) 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Кириллмен бірге Тимо Болл (Германия), Харимото Томокази (Жапония), Лин Гоаюань (Қытай), Хьюго Калдерано (Бразилия), Сатьян Гнанасекаран (Үндістан), Ван Чуцинь (Қытай) сияқты үстел теннисінің жұлдыздары да Оңтүстік-Шығыс Азиядан кетіп барады.

Катарда "WTT Feeder Doha" турнирінде Қазақстан намысын Сарвиноз Мірқадірова, Алан Құрманғалиев, Зәуреш Ақашева, Ырысбек Артықметов, Анастасия Лаврова, Әнел Бақыт қорғады. Біздің қоржынымызда жеке және аралас разрядтарда бір жеңістен бар. Ертең жұптар Ырысбек Артықметов/Зәуреш Ақашева Чжан Жу/Сюэ Фэймен (Қытай) кездеседі, ал қалған қазақстандықтар Жапония, Корея, Қытай, Франция, Испания, Чехия қарсыластарынан жеңіліп, өз ойындарын аяқтады.

Талап Қойбағаров