Қарсы ал, Токио

16.07.2021

Жаттықтырушы Геннадий Герасименко, олимпиадашылар Кирилл Герасименко, Анастасия Лаврова, олардың жұптас серіктестері Зәуреш Ақашева, Ескендір Харки, Владислав Захаров, Эрик Райтер Алматы облысының "Ақбұлақ" спорт орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, сәтті аяқтады. 16 шілдеде үстел теннисінің шеберлері қазақстандық делегация құрамында Токиоға Олимпиада ойындарына ұшады. Жарыс 24 шілде мен 6 тамыз аралығында Tokyo Metropolitan Gymnasium аумағында өтеді, онда жеке турнирде 65 ер адам және 70 әйел адам өнер көрсетеді, аралас разрядта 16 жұп болады, ал командалар арасында 16 ер және 15 әйел құрамасы ойнайды. Біздің жерлестерімізге сәттілік!

Талап Қойбағаров