Аралас табыспен орындалды

01.07.2023

Хорватияда "WTT Contender Zagreb 2023" үстел теннисінен өкілдік турнирі өтуде. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко әйгілі ракета шеберлері Омар Ассарды (Мысыр) 3:1, Альваро Роблесті (Испания) 3:1 есептерімен жеңіп, ширек финалға шығып, қытайлық Сян Пэннен жеңіліп қалды.

Анастасия Лаврованың (суретте) - Германия құрамасының теннисшісі, қыздар арасындағы Еуропа чемпионы, жұптық разрядтағы Германия чемпионы, Франция, Сербия ашық чемпионаттарының жеңімпазы, жұптағы "WTT Feeder Düsseldorf - 2022", микстегі "WTT Feeder Düsseldorf - 2023" өкілдік турнирлерінің жеңімпазы, Нанкиндегі (Қытай) жазғы Жасөспірімдер Олимпиада Ойындарының қатысушысы - Юань Ванды 3:2 есебімен жеңгенін атап өтейік.

"WTT Contender Zagreb 2023" турнирінде Қазақстандықтардың өнер көрсету нәтижелері:

Айдос Кенжеғұлов - Сендрик Чанц (Швейцария) 3:1, Рикардо Вальтер (Германия) 0:3;

Алан Құрманғалиев - Нандан Нареш (АҚШ) 3:0, Эммануэль Лебессон (Франция) 0:3;

Санжар Жұбанов - Мацей Колодзейчик (Австрия) 1:3;

Зәуреш Ақашева - Сутирта Мукерджи (Үндістан) 0:3;

Айя Әлімбаева - Юань Ван (Германия) 0:3;

Анастасия Лаврова - Андреа Тодорович (Сербия) 3:1, Юань Ван (Германия) 3:2, Сакура Мори (Жапония) 0:3.

Кирилл Герасименко - Омар Ассар (Мысыр) 3:1, Альваро Роблес (Испания) 3:1, Сян Пэн (Қытай) 1:3.


Ерлер жұбы.

Айдос Кенжеғұлов/Тайво Мати (Қазақстан/Нигерия) - Педро Осиро/ Сендрик Чанц (Швейцария) 3:1, Манав Таккар/Мануш Шах (Үндістан) 1:3.

Талап Қойбағаров