Арабия түбегінен медаль

12.10.2021

Оман сұлтандығы өз алаңында WTT (әлемдік үстел теннисі) жасөспірімдер сериясының қатысушыларын қабылдауда. Он бес елдің спортшылары ойнайды және Қазақстанның атынан қарағандылық Алан Құрманғалиев өнер көрсетеді. Дүйсенбіде ол 17 жасқа дейінгі турнирде сәтті өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды, құттықтаймыз! Енді Аланнан 15 жасқа дейінгі жарыста жеңіс күтеміз.

Талап Қойбағаров