Ангелина Романовская «ОТМК-ОРУ» құрамында Суперлиганы жеңіп алды

17.04.2023

Гатчинада (Ленинград облысы) Ресей үстел теннисі Федерациясының командалық чемпионатының Суперлигасының 4 туры өтті. «ОТМК-ОРУ» (Верхняя Пышма, Свердлов облысы) спортшылары «Темп» (Ярославль), «Команда 47» (Санкт-Петербург), «Борей» (Санкт-Петербург), «Калинка» (Мәскеу), «Юниор-Москва», «ЦОП-1» (Краснодар) клубтарын жеңіп, маусым қорытындысы бойынша үздік атанды және келесі жылы Премьер-лигада өнер көрсетеді. «ОТМК-ОРУ» құрамында Злата Терехова, Есения Широкова, Вера Смирнова, Ангелина Романовская (Қазақстан) ойнады, жаттықтырушысы Сергей Хонин. Құттықтаймыз!


Талап Қойбағаров