Алтын оңтүстікте қалды

12.03.2019

Шымкентте Ақпан батырға арналған үстел теннисінен екінші халықаралық турнир басталды. Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның кіші ракетка шеберлері бүгін командалық жарыстарда жекпе-жектер өткізді. Алаңға қыздар арасында 19 Құрама және ұлдарда 31 құрама шықты, олимпиада жүйесі бойынша ойнады, яғни ұтылды – ұшып кетті. Қатысушылар құрамы өте мықты: Назакят Гараева (Әзірбайжан) – командалық есепте қыздар арасындағы Еуропа чемпионы, Мәриям Иманова – (Әзірбайжан) - Ислам ойындарының күміс жүлдегері, Ибраһим Ансари (Әзірбайжан) – жасөспірімдер арасындағы Еуропа біріншілігінде 5 орын, Антон Котов (Ресей) – Еуропа біріншілігінде командалық есепте 2 орын, Александр Тютрюмов (Ресей) – жастар арасындағы ел чемпионы, Розалина Қажиева (Өзбекстан) – ел чемпионатында 2 орын, Кәмила Халикова (Өзбекстан Ташкент облысы) – «Алтын күз» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері, Өзбекстан құрамасының мүшесі. Өз мықты спортшыларын Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қазақстанның қалалары мен облыстары да ұсынды. Әрбір матч, финалдық сияқты болды және ықтимал көшбасшылар еңбек, ерік жекпе-жек арқылы жеңіске зорға жетті. «Хван Ман Гым-2» командасы өз бапкері Әнуар Кәрімовке алдымен жартылай финалында «Қазақстан-1» командасын 2:0 есебімен ұтып және одан кейін финалда титулды Әзірбайжанды 2:1 есебімен жеңіп сыйлық тарту етті. Әнуарды, Мархабо Мағдиевті және Диана Аристанованы құттықтаймыз! Турнирдің салтанатты жабылуында Назакят Гараева, Мәриям Иманова (Әзірбайжан) күміс медальдарға ие болады. «Қазақстан-1» (Мәлика Ілхамжанова, Сарвиноз Мірқадірова) және Өзбекстан (Розалина Қажиева, Сағдияна Мадалиева, Хуснора Иминова) қола жүлдені иеленді.

Жасөспірімдер арасында «Қазақстан-1» – «Ресей-1» арасындағы финалы күтілген еді, бірақ екінші ресейлік команда жартылай финалда өз жерлестерін жеңіп, чемпион Кубогы үшін ойынға шықты. Турнир иелері республикалық және қалалық үстел теннисі Федерациясы басшылығының қатысуында бұл финалда жеңіле алмады. Бекұлан Жамал, Бақдәулет Әкімәлі, Ырысбек Артұқметов өз тәлімгерлерінің, жанкүйерлерінің үмітін ақтап, бірінші орынға ие болды. Екінші орын «Ресей-2» (Илья Исаков, Антон Котов, Михаил Рожков), үшінші орын «Ресей-1» (Максим Киселев, Александр Тютрюмов, Семен Шевнин) және Қарағанды (Владислав Захаров, Темірлан Ким).

Енді турнирде жеке есепте жарыс басталады.

Талап Қойбағаров