«Алтын» мен «күміс» Гонконгқа және Тайбэйге кетеді

27.07.2023

Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында "WTT Youth Сontender Almaty" Халықаралық жасөспірімдер турнирі жалғасуда және бүгінде екі санаттағы чемпиондар, күміс жүлдегерлер белгілі болды - аралас разряд, 19, 15 жас.

19 жас, микст (аралас жұп).

1 орын Вонг Хой Тунг/Чан Болдуин Хо Ва (Гонконг)

2 орын Ю Кван То/Конг Цз Лам (Гонконг)

Кеше Алан Құрманғалиев/Сарвиноз Мирқадірова (Қазақстан), Чан Ю-Ан/Чэн Пусюань (Тайбэй) қола жүлдеге ие болды.

15 жас, микст (аралас жұп)

1 орын Цай Це-Ан/У Цзя-Эн (Тайбэй)

2 орын Пэн Ю-Хан/Лин Чин-Тин (Тайбэй)

26 шілдеде үшінші орын алғандар Яу Кван Тинг/Мак Минг Шум(Гонконг), Судханшу Майни/Приша Гоэл (Үндістан).

«WTT Youth Contender Almaty» 28 шілдеде аяқталады.


Талап Қойбағаров