Алтын қайда, қайда? Қарағандыда!

28.05.2018

Алматыда ең шулы болған үстел теннисінен ел чемпионаты аяқталды. Неге шулы? Өйткені залда 8-11 жастағы спортшылар жарысқа түсті, олар өз көңіл-күйлерін толыққанды шығарды, шын жүректен бес күн бойы республикалық Федерация залында адам төзгісіз шу болды.

Аралас жұптар. 3 орын үшін матч.

Нұрасыл Мұхат, Шұғыла Мұқаш (Жамбыл облысы) Айдар Тұрысбекке, Қарақат Бегайдарға (ОҚО)қарсыжарысты.Жамбылдықтар іске бірден кірісіп, партияларда алдыға сытылып шықты 2:0. Содан кейін олар сәл босаңсып кетті, қола жүлде біздің қолымызда деп ойлап еді, алайда олардың қарсыластары есепті теңестіріп үлгерді 2:2. Үзілісте Нұрасыл мен Шұғылаға жаттықтырушысы жақсылап отырып ұрсып алды, содан кейін олардың өмірге деген көзқарастары өзгеріп 3:2 есебімен жеңіске жетті, және нәтижесінде олар үшінші орынға ие болды.

Аралас жұптар.Финал.

Қарағандылықтар Алан Құрманғалиев және Виктория Мочалкинаөздерінің облыс бойынша достары Матвей Князев және Дарья Фумен кездесті. Мұнда күрес шықпады: Алан және Виктория өз қарсыластарын (3:0) есебімен жеңіл түрде ұтып республика чемпиондары атанды.

Жұптар. Қыздар. 3 орын үшін матч.

Егерде чемпионатта «Жеңіске деген жігері үшін» жүлдесі құрылған болса онда оны Елизавета Лаврова (Астана) және Гүлназ Бұлановаға (Батыс Қазақстан облысы) беру керек еді. Қыздар екі партиядан кейін қарағандылықтар Дарья Фу және Альбина Жақсылықоваға 0:2 есебімен ұтылып жатқан еді, үшінші ойында үнемі қарсыластарын қуып жетіп отырды, сөйтіп өз күштерін қолдарына алып, күш – жігер танытып лайықты жеңісті қарсыластарынан жұлып алды 3:2.

Жұптар. Қыздар. Финал.

Қарағандылық Виктория Мочалкина Назым Серікбаймен (Оңтүстік Қазақстан облысы) бірлесіп сенімді түрде кезекті алтын медальді жеңіп алды. Есеп 3:0, ал күмісті Алина Шайхина мен Алиса Цвигун Астанаға алып кететін болды.

Жұптар. Ұлдар. 3 орын үшін матч.

Төрт оңтүстікқазақстандық жұп-жұпқа бөлінді жәнеолар чемпионат барысында қола медаль үшін шайқасқа жетті.Айдар Тұрысбек – Адхам Момынжанов 3:0 есебімен Дастан Тұравеков – Мұхамадәли Құрбантаевтан басым түсті.

Финал. Жұптар. Ұлдар.

Және тағы да қарағандылықтардың қатысуымен финал ойыны. Алан Құрманғалиев және Матвей Князев 3:0 есебімен жеңседе, бірақ Нұрхат Абдыхалық (Алматы), Нәзір Рамазан (Оңтүстік Қазақстан облысы) чемпиондарға лайықты қарсылық көрсетті.

Жеке турнир. Қыздар. 3 орын үшін матч.

Алина Шайхина (Астана) - Рахима Рахимтаева (Оңтүстік Қазақстан облысы). Бірдей ойын. Екеуі де аяғына дейін жарысып әдемі және тартысты ойын көрсетті. Рахима шабуыл аяғында аз қателесіп қола медальді жеңіп алды.

Жеке турнир. Финал. Қыздар.

Виктория Мочалкина (Қарағанды) – Назым Серікбай (Оңтүстік Қазақстан облысы). Бірінші партия 11:4, екінші партия 11:6 және 2:0 есебімен Виктория алдыда келеді. Жеңіске жақын қалды? Бірақта Назым жеңілгісі келмеді ол үшінші партияда 10:7 есебімен алдыға шықты. Алайда Виктория ойын барысын өзгертіп 18:16 есебімен жеңіске жетеді.

Жеке турнир. Ұлдар. 3 орын үшін матч.

Қазақстан чемпионатының иесі алматылық Нұрхат Абдыхалық жеке турнирде оңтүстік астана үшін қола жүлдені алып берді. Төртінші Матвей Князев (Қарағанды).

Жеке турнир. Финал. Ұлдар.

Нұрасыл Мұхат (Жамбыл облысы) ауыр шайқаста финалға шықты, онда оны осы санаттағы елдің мықты теннисшісі Алан Құрманғалиев (Қарағанды) тосып тұрды. Күрес болмады, Алан жеңіс үшін тек өз іскерлігінің, шеберлігінің 60 % ғана қосты және бірінші орынды иеленді.

Қорытындысын шығарамыз.

Қарағандылықтар Алан Құрманғалиев және Виктория Мочалкина Қазақстанның абсолютті чемпиондары атанды, олар төрт бірдей алтын медалді жеңіп алды (жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Александр Брижевский, Владислав Захаров). Құрмет тұғырына елдің алты өңірінің өкілдері көтерілді - Астана, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары.



Талап Қойбағаров