Алматыдағы алтын күз

01.11.2023

Алматыда 2-7 қараша аралығында үстел теннисінен "Алтын күз" дәстүрлі ашық республикалық турнирі өтеді. 2008-2010 ж.т., 2011-2012 ж. т., 2013 ж. т. және одан кіші жас санаттарында Өзбекстан, Қырғызстан, Астана, Алматы, Шымкент, Қазақстан облыстарынан келген ұлдар мен қыздар сайысқа түседі.

Қазақстан Республикасының үстел теннисі Федерациясы "Қазақмыс корпорациясы" компаниясына демеушілік көрсеткені үшін алғыс білдіреді.



Талап Қойбағаров