Алматыда барлық мықты ракетка шеберлері жиналды

10.01.2024

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталды және ескі, жақсы дәстүр бойынша алдымен қатысушылар командалық есептегі үздіктерді анықтайды. Бүгін кіші топтардағы ойындардан кейін финалдық сегіздіктер анықталды, олар сәрсенбі мен бейсенбіде алтын, күміс, қола медальдар үшін күресетін болады.

Ерлер: Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Түркістан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары.


Әйелдер: Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстары.


Талап Қойбағаров