Алдымызда «Алтын күз»

31.10.2019

Алматыда сенбі күні үстел теннисінен "Алтын күз" дәстүрлі халықаралық турнирі басталады, онда 2005-2006 ж.т., 2007-2008 ж. т., 2009 ж. т. және одан кіші Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан спортшылары өнер көрсетеді. 2006 ж. т. спортшылар арасында марапатқа бас үміткерлер және еліміздің жаңа чемпиондары Виктория Мочалкина (Қарағанды, жеке есеп), Абдұлла Мамай - Шахзода Ахмадәлиева (Түркістан, аралас разряд), сондай - ақ Аида Үсіпбаева (Шымкент, 2 орын жеке турнир), Әмір Торғайбеков (Қарағанды, 3 орын жеке турнир), Дарья Фу – Юрана Ибраева (Қарағанды, 2 орын жұптық разряд), Аружан Бекіш-Аружан Ілияс (Орал, 3 орын жұптық разряд) және басқалары бар.

Талап Қойбағаров