Алда орасан зор жұмыстар күтіп тұр

08.08.2021

Солтүстік Қазақстан облысының үстел теннисінен аға жаттықтырушысы болып спорт шеберіне үміткер, команда бойынша, жеке есептегі, жұптық және аралас разрядтардағы облыстың бірнеше дүркін чемпионы, "Ақ бидай-2008" Республикалық турнирінің қола жүлдегері, Қызылжар ауданының БЖСМ-нің жаттықтырушысы Нұрлан Арынғазинов тағайындалды.

Нұрлан Арынғазинов: "Біздің өңірде үстел теннисін жақсы көреді, шұғылданушылар көп, қыздар арасында жақсы нәтижелер бар, бірақ Қазақстан чемпионатында біз құрмет тұғырынан алыспыз. Аға жаттықтырушы ретінде мен әріптес-жаттықтырушыларыммен бірге облысты республикада алдыңғы қатарға шығаруға тырысамын. Ол үшін не қажет? Жыл бойы оқу-жаттығу барысын ұйымдастыру, одан әрі спорттық жетілдіру үшін неғұрлым келешегі бар теннисшілерді іріктеу. Алда орасан зор жұмыстар күтіп тұр".


Талап Қойбағаров