Алғаш рет алтын, алғаш рет күміс

11.02.2018

Таразда олимпиадалық резерв дайындау орталығының спорт залында үстел теннисінен жеке – командалық Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Алты күн бойы Астана, Алматы, республикамыздың облыс орталықтарынан (Қызылордадан басқа) келген 140 спортшылар өздері және өз құрамалары үшін сайысқа түсті. Шешуші ойындарға тек дайындықтары мол және шебер ойыншылар ғана жетті. Әйелдер арасында финалға алғаш рет Айя Әлімбаева (Алматы) және Анастасия Лаврова (Астана) шықты, олар былтырғы жылы жазғы Әлемдік Универсиадада ел намысын қорғаған болатын. Екі теннисшіде сенімділікпен алдарындағы кедергілерден өтіп, шешуші «алтын матчқа» мықты спорттық тұрғыда келді. Бірінші партияны Айя ұтты, ал екінші партия Анастасияның қанжығасында қалды. Теннисшілердің екеуі де ойын кезінде қателік жіберіп алмас үшін алаңдап, абайлағандары байқалып тұрды. Үшінші партия шешуші болды – Анастасия 2:1 есебімен сытылып алдыға шықты, ол өз сәтін жібермеді, есеп 4:1. Анастасия Лаврова алғаш рет жеке есепте Қазақстан чемпионы атанды, ал Айя Әлімбаева алғаш рет күміс жүлдеге ие болды.

Көптен күткен ерлер разрядында Қазақстанның экс-чемпиондары Денис Жолудев (ШҚО) және Тимур Келбұғанов (Алматы) арасындағы финал соңғысының сырқаттануына байланысты болмады.

Ерлер жұбы:

1 орын Денис Жолудев (ШҚО) – Диас Сәрсембаев (Ақтөбе облысы)

2 орын Александр Герасименко (Астана) – Бекұлан Жамал (ОҚО)

3 орын СағантайҚұрманбаев – Сергей Коновалов (екеуіде ШҚО)

3 орын Бағдәулет Әкімәли – СарварЫрысәлиев (екеуіде ОҚО)

Әйелдер жұбы:

1 орын Наталья Сладкова – Зәуреш Ақашева (екеуіде Қарағанды облысы)

2 орын Анастасия Лаврова (Астана) – Гүлчехра Құсейнова (БҚО)

3 орын АйяӘлімбаева (Алматы) – Гаухар Алмағанбетова (БҚО)

3 орын Анель Бақыт (Алматы) – Ангелина Романовская (Павлодар облысы)

Аралас жұп:

1 орын Эрик Райтер – Наталья Сладкова (Қарағанды облысы)

2 орын Анастасия Лаврова (Астана) – Бекұлан Жамал (ОҚО)

3 орын Ғайып Данияров (Қостанай облысы) – Гүлчехра Қусейнова (БҚО)

3 орын Денис Жолудев (ШҚО) – Маргарита Харечко (Қарағанды облысы)

Ерлер:

1 орын Денис Жолудев (ШҚО)

2 орын Тимур Келбұғанов (Алматы)

3 орын Эрик Райтер (Қарағанды облысы)

3 орын Александр Герасименко (Астана)

Әйелдер:

1 орын Анастасия Лаврова (Астана)

2 орын АйяӘлімбаева (Алматы)

3 орын Наталья Сладкова (Қарағанды облысы)

3 орын Әсемгүл Өтепова (Павлодар облысы)



Талап Қойбағаров,Тараз қ.