Аланның спорт қоржынындағы кезекті медаль

04.11.2023

Венгрияда үстел теннисінен "WTT Youth Contender Szombathely 2023" халықаралық турнирі жалғасуда және 19 жас санатында қарағандылық Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) қола жүлдеге ие болды. Жартылай финалға дейін біздің жерлесіміз Чулонг Ниені (Австралия), Францишек Колодзейчикті (Австрия), Петр Ходинді (Австрия), Маттиас Данзерді (Германия), Борн Петекті (Хорватия), Вим Вердоншотты (Германия) жеңді және 1/2 финалда жапондық Кейши Хагихарадан жеңіліп қалды.

Кеше Алан 17 жастағы спортшылар арасында екінші орынды иеленді.


Талап Қойбағаров