Алан жартылай финалдан бір қадам қалды

20.10.2021

Польшаның Владыславово қаласында үстел теннисінен "WTT Youth Star Contender" өкілдік турнирі өтуде. Қарағандылық Алан Құрманғалиев Игнас Сисановасты (Литва) 3:0, Давид Бьоркрудты (Швеция) 3:0, Виктор Клагты (Польша) 3:0, Петр Ходинді (Австрия) 3:0 есебімен жеңіп, ширек финалға шығып, онда Кьюэк Йонг Айзэкке (Сингапур) 0:3 есебімен жол берді.

Талап Қойбағаров