Алан Құрманғалиев 1/8 финалға шықты

01.12.2023

Жастар арасындағы үстел теннисінен әлем чемпионаты жалғасуда (Словения, Нова-Горица қаласы). Жеке разрядта Сарвиноз Мирқадірова командалық есептегі екі дүркін Еуропа чемпионы Аннетт Кауфманнмен (Германия) кездесіп, оған 0:4 есебімен жол берді.

Алан Құрманғалиев Брин Вовканы (Словения) жеңіп, 1/8 финалға шықты.