Алан мен Сарвиноздың жақсы өнер көрсетуіне үміттенеміз

09.04.2023

11-15 сәуір аралығында Черногорияда (Подгорица қ.) "WTT Youth Star Contender" өкілдік турнирі өтеді, онда Алан Құрманғалиевтің (Қарағанды, 19 жас аралықтағы әлемдік рейтингте № 11) және Сарвиноз Мирқадірованың (Шымкент, № 30) топтарындағы қарсыластары мынандай мықты спортшылар болады: Као Ченг-Джуй (Тайбэй, № 3), Эдуард Ионеску (Румыния, № 4), Хьюго Дешам (Франция, № 6), О Джун Сун (Корея, № 7), Чан Ю-Ан (Тайбэй, № 8), қыздар Ли Дэун (Корея, № 5), Павад Притика (Франция, № 7), Аннетт Кауфманн (Германия, № 8), Чэн Пусуань (Тайбэй, № 9), Цинь Юйсюань (Қытай, № 11). Қазақстандықтарға сәттілік!

Талап Қойбағаров