Алан мен Сарвиноз "WTT Сontender Almaty" турнирінің ширек финалында

01.09.2023

21 қазақстандық спортшы (10 ер және 11 әйел) үстел теннисінен "WTT Contender Almaty" халықаралық турнирінде бастама алды және үш ойын күнінен кейін тек екі спортшы ғана өнер көрсетуді жалғастырады - олар Сарвиноз Мирқадірова, Алан Құрманғалиев.

Сарвинозды айта кетейік, ол 2016 - 2020 жылдардағы Олимпиада Ойындарының қатысушысы мысырлық Юсра Хелмиді (әлемдік рейтингте 47-ші) 3:0 есебімен жеңді. 1/8 финалда біздің теннисші Оңтүстік Корея құрамасының ойыншысы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Чой Хёджумен (әлемдік рейтингте 38 - ші) ойнайды.

Микстегі ширек финалда Алан Құрманғалиев / Сарвиноз Мирқадірованың қарсыластары қытайлық ойыншылар Сян Пэн / Лю Вэйшань.

Бүгін "WTT Contender Almaty" турнирінің негізгі торында біздің келесі теннисшілер өз қарсыластарынан жеңіліп қалды:

Жеке разряд.

Кирилл Герасименко, Зәуреш Ақашева.

Жұптық разряд.

Кирилл Герасименко/Алан Құрманғалиев;

Айдос Кенжеғұлов/Ескендір Харки;

Владислав Захаров/Хьюго Дешамп (Қазақстан/Франция);

Анель Бақыт/Ангелина Романовская;

Сарвиноз Мирқадірова/Марина Доннер (Қазақстан/Финляндия);

Анастасия Лаврова/Зәуреш Ақашева.

Аралас разряд.

Айдос Кенжеғұлов/Зәуреш Ақашева;

Ескендір Харки/Ангелина Романовская.

Турнирдің бас демеушілері – «Самрық-Қазына» АҚ @samrukkazyna_official және Туризм және спортты қолдау қоры @sportqory


Талап Қойбағаров