Алан Курмангалиев Германия чемпионатында дебют жасайды

06.08.2024

17 жастағы Қазақстан чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қарағандылық Алан Курмангалиев тамыз айының соңында неміс Бундеслигасында (3-ші лига) TTC «Sachsenring Hohenstein-Ernstthal» (Хоэнштайн-Эрнстталь қ.) клубының құрамында дебют жасайды. Біздің дарынды спортшымыз Германияда және ол алғашқы әсерлерімен бөлісті:

«Бремен қаласында тұрып жатырмын. Мені жақсы қарсы алды, менімен бірге тағы төрт теннисші бар, бірақ олардың шеберлік деңгейін әлі анықтаған жоқпын.

Біз жақсы жағдайда күніне екі рет күшті жаттығамыз, Германия чемпионатының жаңа маусымына дайындалудамыз. Мен өз ойыныммен TTC «Sachsenring Hohenstein-Ernstthal» клубына пайдамды тигізуге тырысамын, шеберлікті арттырамын».


Талап Қойбағаров