Алан алтын медальдарды жеңіп алуды жалғастыруда!

03.03.2023

16 жастағы қарағандылық Алан Құрманғалиев (жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Тоқтамыс Хасенов) Португалияның Вила-Реал қаласында өтіп жатқан "WTT Youth Contender" турнирінде өте жақсы өнер көрсетуде. 17 жасқа дейінгі санатта ол Франсеска Карреруді (Испания), Хуан Рамиресті (Колумбия), Ной Вителді (Франция), Энрике Риосты (Пуэрто-Рико), Мартин Сипаны (Чехия), Даниэль Берзосуды (Испания), Драгош Бужоруды (Румыния) жеңіп, алтын медаль жеңіп алды. Құттықтаймыз!

Талап Қойбағаров