Аджариядан қола жүлде!

19.09.2023

Батумиде (Аджар Автономиялық Республикасы, Грузия) "WTT Youth Contender Batumi 2023" халықаралық үстел теннисі турнирі қызу жүріп жатыр. 13 жасқа дейінгі жас санатында қола медальді алматылық Айназ Әділгереева жеңіп алды, ол кіші топтағы қарсыластарын жеңіп, жартылай финалға дейін жетіп, сол жерде Чакрабортиге (Үндістан) жол берді.

1 орын Анколика Чакраборти (Үндістан);

2 орын Аружан Камалова (Өзбекстан);

3 орын Айназ Әділгереева (Қазақстан);

3 орын Ягмур Мамедли (Әзірбайжан).


«WTT Youth Contender Batumi 2023» жалғасуда.


Талап Қойбағаров