Ақ жол!

29.01.2024

Түркістанда облыста үстел теннисін дамыту және насихаттау, спортшыларды республикалық және халықаралық турнирлерге, Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионатына дайындау мақсатында "Түркістан теннис клубы" жұмыс істей бастады. 2024 жылғы маусымда клуб үшін Шахзода Ахмадәлиева (суретте), Ноила Ханиязова, Шахруза Шавкатова, Мафтуна Ханиязова, Нұржігіт Жолдыбай, Санжар Ибахан, Самат Төлебаев өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, клубтың негізгі құрамымен жаттығу сабақтарына жас теннисшілер, барлығы 139 бала тартылатын болады. Ақ жол тілейміз "Түркістан теннис клубы".


Талап Қойбағаров