3:2 - нақты финалға арналған есеп

04.06.2022

Қазақстан (қыздар, Сарвиноз Мирқадірова, Ангелина Романовская, Анель Бақыт, Алиса Цвигун) және Иран (ұлдар, Сейдмохаммад Мусавитахер, Навид Шамшахрбаки, Мобин Алипургаледжу) құрамалары үстел теннисінен Орталық Азия іріктеу турнирін жеңіп алып, күзде Лаоста өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына жолдама алды. Сондай-ақ жолдамалармен бірге екінші орында Қазақстан (ұлдар), Өзбекстан (қыздар). Командалық есептегі финалдық жекпе-жектер өте тартысты, әсерлі болып шықты және спортшылар үшін жеңіл серуен болған жоқ, ал 3:2 есебі осының айқын дәлелі. Үшінші орында Өзбекстан (ұлдар) және Иран (қыздар).

Жеке турнирдегі көрсеткіштер келесідей:

Ұлдар, 1 орын Сейдмохаммад Мусавитахер (Иран), 2 орын Навид Шамшахрбаки (Иран), 3 орын Сағантай Құрмамбаев (Қазақстан), Шохрух Искандаров (Өзбекстан).

Қыздар, 1 орын Елина Рахими (Иран), 2 орын Сарвиноз Мирқадірова (Қазақстан), 3 орын Мархабо Мағдиева (Өзбекстан), Сима Сафаэи (Иран).

Талап Қойбағаров