2024-Олимпиада Ойындарына біліктілік жүйесі анықталды

16.07.2022

(ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясы Париждегі Олимпиада Ойындарының біліктілігі туралы мәліметтерді жариялады, олар 2024 жылдың жазында 27 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді. Спортшылардың жалпы саны 172 (86 ер адам және 86 әйел адам). Оған қожайын ел үшін 6 орын, сондай-ақ Халықаралық Олимпиада Комитетінің қалауы бойынша бөлінетін 2 арнайы орын кіреді. Әр ел өтінімге үштен көп емес ерлер мен әйелдерді қоса алады, ал жеке турнирде әр елдің екіден көп емес ерлер мен екі әйел өкілдері ойнай алады.

Ойындарға біліктілік 2023 жылдың маусым айында басталады. Құрама командалар алты құрлықтық жарыстың нәтижелері негізінде жеңімпаздар қатарынан іріктеледі, сонымен қатар, 2024 жылғы әлем чемпионатының 8 құрама - ширек финалисттері де Парижге аттанады. Оларға жарыс иесі командасы және қатысу үшін әлі біліктілігі жоқ, алайда ең жоғары рейтингке ие құрама да қосылады.

Сондай-ақ, алты аралас жұп құрлықтық біріншіліктердегі жеңістердің қорытындылары бойынша кіреді; оларға сәуір-2024 арнайы біліктілік турнирінің жартылай финалистері, мамыр-2024 рейтингінің қорытындысы бойынша бес мықты жұп және жарыс иесі елінен жұп қосылады.

Жеке разрядтарды іріктеу мынадай түрде жүзеге асырылады: 32 теннисші өз құрамаларымен бірге - елдің ерлер және әйелдер командасының ең мықты екі өкілінен барады. Сондай-ақ, тағы 22 спортшы құрлықтық іріктеу жарыстарының жеңімпаздары мәртебесінде немесе рейтинг негізінде ойындарға барады: шешімді құрлықтық федерациялар мен одақтар қабылдайды. Халықаралық рейтинг негізінде тағы 15 орын және ХОК өз қалауы бойынша бір орын бөледі.

ITTF материалдары бойынша