2021 жылға арналған жаңа рейтинг жүйесі

27.12.2020

(ITТF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін үздік спортшылардың әлемдік рейтингісінің жаңа жүйесін жариялады. Бірінші кезекте бұл WTТ (World Table Tennis - әлемдік үстел теннисі) сериясындағы жаңа турнирлердің позицияларын күшейтуге, осы спортты дамытудың және коммерциялық тартымдылықтың жаңа деңгейлеріне шығаруға бағытталған. Өтіп бара жатқан 2020 жылдағы басты реформалардың бірі рейтингтік реформа болады. Бұл ретте, WTТ сериясының турнирлері қатысушылар үшін рейтингтік ұпайлар тұрғысынан әлдеқайда көп салмақ алады, бірақ ITTF қолдауымен барлық дәстүрлі турнирлердің маңыздылығы сақталады. Сонымен қатар, "Grand Smash" деп аталатын жаңа турнирлер әлем чемпионаты мен Олимпиада Ойындары сияқты көптеген ұпай жинап, ойыншылардың рейтингісін қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын болады. "Grand Smash" жиі өткізілетін болады - күнтізбелік жылда төрт ретке дейін және ұйымдастырушылардың болжамы бойынша, үстел теннисінің барлық әуесқойлары үшін ол басты тартылыс нүктесі болады. Осы турнирлер жайлы, олардың форматы, іріктеу мен оның жалпы мағынасы туралы толығырақ кейінірек айтып береміз, қазір біз жаңа жүйенің рейтингтік көріністеріне тоқталамыз. Бұл әлемдегі ең мықты теннисшілер арасындағы көшбасшылықтың ауысуын күшейтеді деп болжануда, сонымен қатар, ол барлық жанкүйерлер мен спорт журналистері үшін түсінікті болады. Жаңа жүйенің негізгі айырмашылықтары мыналар. Біріншіден, ол рейтингті ай сайын жариялау кезінде емес, турнирлердің жеребе тастау кезінде автоматты түрде тексереді. Ол аптасына бір рет (сейсенбіде) жарияланады. Екіншіден, ойыншылар біліктілікке қатысқандары үшін ұпай алады, бірақ егер олар турнирдің негізгі торына кірсе ғана. Ұпайлар 12 айдың қорытындысы бойынша нөлденеді. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа жүйені енгізу үшін арнайы "өтпелі" тетік іске қосылады.

Ірі турнирлерге қатысқандары үшін енді ұпайлар осылайша бөлінеді:




ITTF материалдары бойынша