153 күннен кейін кездесу

17.08.2021

Ағымдағы жылдың 22 наурызында "Werder" (Бремен) клубы сапында Кирилл Герасименкомен бірге неміс бундеслигасының соңғы турында "Zugbrücke" (Гренцау) клубын 3:1 есебімен жеңіп, 12 клубтың арасында 6-орынды иеленді. Тура 153 күннен кейін - 22 тамызда бремендіктер Маттиас Фальк (Швеция), Кирилл Герасименко (Қазақстан), Хунор Сеч (Румыния) және Марсело Агирре (Парагвай) жаңа маусымды "Zugbrücke" командасымен сайысқа түсу арқылы бастайды. Халықаралық "Werder" клубына сәттілік тілейік!

Талап Қойбағаров