12 дарынды және келешегі барлар

01.03.2022

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиева, оның тәрбиеленушісі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алан Құрманғалиев Катарға ұшып келіп, "Aspire" Академиясында Австрия, Үндістан, Нигерия, Португалия, Пуэрто-Рико, Франциядан келген 12 дарынды спортшылармен бірге "ITTF High Performance Boys Training Camp" оқу-жаттығу жиынына кірісті. Сабақты IТTF тәжірибелі жаттықтырушысы Массимо Константини (Италия) өткізеді, ол 2009-2010 жылдары Үндістан құрамасын басқарып, оны Азиядағы жетекші орынға шығарған болатын.

Талап Қойбағаров