1-ші халықаралық турнирдің алғашқы медальдары

19.09.2021

Үстел теннисінен "2021 ITTF Kazakhstan International Open" (Қарағанды) Халықаралық турнирі аяқталуға жақын, сенбі күні ерлер мен әйелдер жұптарында қола жүлдегерлер, микст бойынша чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды.

Аралас разряд. Максим Кабуркин/Валерия Коцюр (Ресей) - «алтын», Мұхаммад Уктамбоев/Согдиана Мадалиева (Өзбекстан) - «күміс», Эрик Райтер/Арай Әшкеева (Қазақстан) және Элмұрод Холиков/Камила Халикова (Өзбекстан) - «қола».

Ерлер жұбы, «қола»: Дани Мудит/Панде Сиддхеш (Үндістан) және Шехит Сураваджула/Гровер Судханшу (Үндістан).

Әйелдер жұбы, «қола»: Зәуреш Ақашева/Сарвиноз Мирқадірова (Қазақстан) және Мехринисо Норкулова/Камила Халикова (Өзбекстан).

Жексенбі күні жартылай финалдар, финалдар өтеді және қазақстандықтардан алаңға Кирилл Герасименко (жеке есеп, жұптық разряд), Алан Құрманғалиев (жұптық разряд) және Айя Әлімбаева (жеке есеп) шығады.


Талап Қойбағаров