Асунсьоне қаласында кадеттер мен жасөспірімдер арасында Парагвайдың үстел теннисінен ашық чемпионаты өтіп жатыр. Алғашқы үш күн командалық жарыстарға арналған болатын, онда әртүрлі ұлттардан тұратын құрамында Зәуреш Ақашева (Қазақстан) және Гои Руй Хуан (Сингапур) бар құрама командасы жақсы ойын көрсетті. Қыздар 3:0 есебімен Чили, Парагвай, Бразилия, Гватемала, Перу теннисшілерінен басым түсіп, лайықты түрде алтын медальдерге ие болды! Зәурешпен Гои Руй Хуаны шын жүректен құттықтаймыз.