Төрешілер
Спорт төрешілерінің рейтингі
Қазақстан Республикасының үстел теннисі бойынша спорт төрешілерінің кәсіби қызметі, төрешілік тәжірибесі, біліктілігі және ресми жарыстарға қатысуы негізінде қалыптастырылған өзекті рейтингі. Рейтинг Федерацияның төрешілер корпусы өкілдерінің белсенділік деңгейі мен кәсіби дамуын көрсетеді.
Рейтинг ұсынылған растаушы құжаттар, оның ішінде жарыстардың хаттамалары мен бас төрешілердің есептері, біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтар, семинарлардан, курстардан, шеберлік сабақтарынан және аттестаттаудан өткені туралы сертификаттар, алғыс хаттар, грамоталар, сондай-ақ спорт төрешілерінің кәсіби және ұйымдастырушылық қызметін растайтын өзге де құжаттар негізінде қалыптастырылды.
Спорт төрешілерінің рейтингі туралы ережеге сәйкес, қорытынды рейтингтік балл төрешінің белгіленген төрт санаттың кемінде үшеуі бойынша балл жинаған жағдайда қалыптастырылады:
- Жарыстарда төрешілік ету
- Төрешілік санатының деңгейі
- Біліктілікті арттыру
- Өзге де қызмет
Бұл ретте жарыстарда төрешілік еткені және берілген төрешілік санаты үшін баллдардың болуы міндетті шарт болып табылады. Осыған байланысты өзекті рейтингке аталған талаптарға сәйкес келетін спорт төрешілері енгізілді.
| № | Т.А.Ә. | Өңір | Санаты | Ұпайлар |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Капарова Айман Бекмурзақызы | Астана қ. | WB | 46,5 |
| 2 | Ходжаев Тимур Рустамович | Қарағанды обл. | BB | 44,4 |
| 3 | Мирасланов Мирякуб Кулзатович | Шымкент қ. | WB | 42 |
| 4 | Мирасланов Рустам Мирякубович | Шымкент қ. | WB | 34 |
| 5 | Байжан Бакзада Байжанқызы | Астана қ. | WB | 28 |
| 6 | Моминов Ислом Муратович | Жамбыл обл. | СТ | 25,5 |
| 7 | Перевалов Александр Леонидович | Алматы қ. | WB | 22,5 |
| 8 | Абдрахманов Куаныш Арстанович | Астана қ. | WB | 19 |
| 9 | Өтен Жоламан Таңатұлы | Маңғыстау обл. | ҰДТ | 16 |
| 10 | Жалалдин Ділназ Нұрланқызы | Алматы қ. | WB | 14 |
| 11 | Медеуова Анна Медеуовна | Жамбыл обл. | СТ | 13 |
| 12 | Кендырбаева Гульшат | Жетісу обл. | СТ | 5 |
| 13 | Кубенов Максат Ануарович | Солтүстік Қазақстан обл. | СТ | 5 |
| 14 | Абишев Арнур Муратович | Жетісу обл. | СТ | 5 |
| 15 | Аманжолов Талгат Кажимханович | Жетісу обл. | СТ | 3 |
| 16 | Жұман Ақжол Оралбекұлы | Жетісу обл. | СТ | 3 |

