Спорт шебері Зәуреш Ақашева (Қарағанды облысы) Оралға Қазақстан ұлттық құрамасының жетекші спортшысы атағы бойынша үстел теннисінен елдің жастар чемпионатына келді. Өзінің сенімді ойынымен ол қарағандылықтарға командалық Кубокты ұтып алуға көмектесті және міне, бүгін ешқандай қиындықсыз үй коллекциясын жеке турнирдің алтын медалімен толықтырып отыр. Өз мүмкіндіктерінің 75 пайызын ойнаған Зәуреш жартылай финалда Ангелина Романовскаяны (Павлодар облысы) 3:0 есебімен ойсырата ұтты, финалда алматылық Әнел Бақыттан (жаттықтырушы Алексей Тимченко) өтті. Зәуреш Ақашеваны және оның жаттықтырушысы Эльмира Алиеваны құттықтаймыз. Үшінші орында Сәрвиноз Мірқадірова (Шымкент, жаттықтырушылар Евгений Тимченко, Рустам Мирасланов), Александра Смирнова (Қарағанды облысы, жаттықтырушы Эльмира Алиева). Оралдықтар, ағайынды Кенжеғұловтар Дастан мен Айдос 13 қазан күні чемпиондық титулды сарапқа салады, ал қола жүлделер өз иелерін тапты - олар Сағантай Құрманбаев (Шығыс Қазақстан облысы, бапкерлер Бауыржан Шайхин, Ольга Архипова), Ирисбек Артукметов (Шымкент, бапкерлер Евгений Тимченко, Мирякуб Мирасланов). Қазақстан чемпионаты жалғасуда.
Күміс жүлдегер Әнел
Бақыт
Чемпионаттың қола
жүлдегері Сағантай Құрманбаев
Ел чемпионы Зәуреш
Ақашева
Талап Қойбағаров