Әзірге Аргентинаға жолдамасыз

07.11.2017

Үндістанның Ноида қаласында Азияның біліктілер арасындағы турнирі аяқталды, онда қатысушылар (Буэнос-Айрес қаласы, Аргентина, 2018 жыл) қаласында III жазғы жастар арасында өтетін олимпиада ойындарына 8 жолдаманы сарапқа салды ( оның ішінде 4 ер балалар, 4 қыз балалар). Қазақстанның атынан Үндістанда спорт шеберлері Айдос Кенжеғұлов (Батыс – Қазақстан облысы) және Зауреш Акашева (Қарағанды) өз өнерлерін көрсетті.Алғашында теннисшілер өз топтарында сайысқа түсті, ондаЗауреш (Сингапурлық) Zhang Wanling-ті 4:2 есебімен және (Иорданиялық)Alkhoury Tina –ны 4:0 есебімен ұтып екі рет жеңіске жетті. Бірінші орынды сарапқа салуда өз тобында Заурешке Азияның қазіргі чемпионы, жеке әлем чемпионатының қола жүлдегері (Жапондық)Hirano Miu қарсы тұрды. Қаһарлы қарсыласына Зауреш0:4 есебімен жеңілді, бірақта жапондық спортшыға әр ойында 6:11, 11:13, 8:11, 9:11есебінделайықты жекпе-жек көрсетті, жарыстың қорытынды финалына шықты, финалда оны (Қытайлық) Sun Yingsha мен (Өзбекстандық)Камила Халикова тосып тұрды.Өкінішке орай Зауреш өз қарсыластарынан сәл әлсіздеу болып шықты, әзірге Буэнос-Айреске жолдамасыз қалып отыр.

Айдос Кенжеғұлов (Малайзиялық)Choong Javen-нен басым түсті, алайда Wang Chuqin қытай, Cho Daeseong корея, Ahmadian Amin иран спортшыларына ұтылып III жазғы жастар арасында өтетін олимпиада ойындарынажолдама ала алмады. Қатты өкінбейік әлі іріктеулер аяқталған жоқ, сонымен қатар 2018 жылы жалпы «Буэнос-Айреске жол» атты арнайы алты турнир күтілуде, онда қазақстандықтар олимпиядаға жолдама алуға тырысады.Біздің спортшыларға сенеміз!Естеріңізге салатын болсақ Нанкинде (ҚХР) өткен жастар арасындағы олимпиядалық ойындарда Кирилл Герасименко (Астана) мен Юлия Рябова (Карағанды) өз өнерлерін көрсеткен.