Әзірбайжаннан үш қола медаль

01.10.2025

Әзірбайжанның жеті қаласында осы күндері 23 спорт түрінен ТМД елдерінің үшінші ойындары өтуде. Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, сондай-ақ Кувейт, Түркия, Пәкістан, Оман құрамалары қатысуда.

Үстел теннисінен турнир Габала қаласында өтті, онда біздің еліміздің атынан түркістандықтар Рамазан Назир, Орынбасар Есимхан өнер көрсетті, жаттықтырушысы Ержан Есимханов, олар үш қола медаль жеңіп алды:

3 орын командалық турнир;

3 орын жеке разряд Орынбасар Есимхан;

3 орын жеке разряд Рамазан Назир.


Құттықтаймыз!


Талап Қойбағаров